Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімінің 2022 жылғы 5 қыркүйектегі № 4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 қыркүйекте № 29396 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 15.06.2023 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес ШЕШТІМ:

      1. Қостанай облысының Әулиекөл және Қарасу аудандарының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ.Т. Нұрмұхамбетов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімнің ресми жарияланғаннан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

      Қостанай облысының әкімі А. Мухамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады