Қостанай облысы әкімінің 2022 жылғы 5 қыркүйектегі № 4 "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 16 маусымда № 10026 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес ШЕШТІМ:

      1. Қостанай облысы әкімінің "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" 2022 жылғы 5 қыркүйектегі № 4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29396 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімнің ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі К. Аксакалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады