Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының "Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 172 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27716 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі қосымшасы осы шешімнің қазақ тіліндегі қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын, көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі қосымшасы өзгермейді.
2. Осы шешім алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облыстық мәслихаты төрағасының өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы | М. Жутаев |
Мәслихаттың | |
2023 жылғы 11 тамыздағы | |
№ 40 шешіміне | |
қосымша | |
Қостанай облысы мәслихатының | |
2022 жылғы "20" сәуірдегі | |
№ 172 шешіміне | |
қосымша |
Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
Реті бойынша номір | Арнайы су пайдаланудың түрі | Өлшем бірлігі | Төлемақы мөлшерлемелері |
1 | Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер | теңге/1 000 текше метр | 185,7 |
2 | Өнеркәсiп, жылу энергетикасын қоса есептегенде | теңге/1 000 текше метр | 529,7 |
3 | Ауыл шаруашылығы | теңге/1 000 текше метр | 146,12 |
4 | Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары | теңге/1 000 текше метр | 146,12 |