Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің "2023 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 44 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9927 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулынының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 21 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қостанай облысының әкімі | К. Аксакалов |
Келісілді
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігі
Қостанай облысы әкімдігінің | |
2023 жылғы 29 желтоқсандағы | |
№ 589 қаулысына | |
қосымша | |
Қостанай облысы әкімдігінің | |
2023 жылғы 31 каңтардағы | |
№ 44 қаулысына | |
қосымша |
2023 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | Субсидияланатын көлем | Субсидиялар сомасы, мың теңге |
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | ||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | |||
1.1 | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | бас/шағылыстыру маусымы | 51 135 | 511 350,0 |
1.2 | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | 17 299 | 259 485,0 | |
2. | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | бас/шағылыстыру маусымы | 1 177 | 117 700,0 |
3. | Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу | сатып алынған бас | 1 710 | 253 967,6 |
4. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | |||
4.1 | отандық | сатып алынған бас | 865 | 129 122,0 |
5. | Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас іріқара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату | тiрiдей салмағы, килограмм | 6 287 018 | 1 257 403,7 |
6. | Ірі қара малды союмен және етін бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеуші кәсіпорындардың сиыр етін дайындау құнын арзандату | Өндірілген сиыр етінің килограмы | 2 999 994 | 524 999,0 |
Жиыны | 3 054 027,2 | |||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | ||||
1. | Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу: | |||
1.1 | бір жынысты | сатып алынған доза | 7 100 | 71 000,0 |
1.2 | қос жынысты | 7 844 | 31 956,2 | |
2. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | |||
2.1 | отандық | сатып алынған бас | 214 | 42 800,0 |
2.2 | Аустралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған | 236 | 94 400,0 | |
3. | Сүт өндіру құнын арзандату: | |||
3.1 | бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық | өткізілген немесе өңделген килограмм | 22 292 000 | 1 003 140,0 |
3.2 | бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылық | 38 067 329 | 1 142 019,9 | |
3.3 | бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық | 7 116 287 | 142 325,7 | |
3.4 | ауыл шаруашылығы кооперативі | 35 573 674 | 711 473,5 | |
Жиыны | 3 239 115,3 | |||
Етті құс шаруашылығы | ||||
1. | Құс етін өндіру құнын арзандату | |||
1.1 | 500 тоннадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген килограмм | 9 251 955 | 462 597,8 |
Жиыны | 462 597,8 | |||
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | ||||
1. | Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу | сатып алынған бас | 803 701 | 48 222,1 |
2. | Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату 5 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген дана | 9 281 373 | 27 844,1 |
Жиыны | 76 066,2 | |||
Қой шаруашылығы | ||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | |||
1.1 | қойлардың асыл тұқымды аналық басы | бас/шағылыстыру маусымы | 6 069 | 24 276,0 |
1.2 | қойлардың тауарлық аналық басы | 24 813 | 62 032,5 | |
2. | Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу | сатып алынған бас | 733 | 10 995,0 |
3. | Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне 300 бас болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген ұсақ малдардың еркек дарақтарының құнын арзандату | өткізілген бас | 550 | 1 650,0 |
Жиыны | 98 953,5 | |||
Жылқы шаруашылығы | ||||
1. | Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу | сатып алынған бас | 10 | 1 000,0 |
Жиыны | 1 000,0 | |||
Шошқа шаруашылығы | ||||
1. | Асыл тұқымды шошқалар сатып алу | сатып алынған бас | 55 | 7 700,0 |
2. | Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу | бас/шағылыстыру маусымы | 5 258 | 210 290,1 |
Жиыны | 217 990,1 | |||
Балара шаруашылығы | ||||
1. | Балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | Балара ұясы/маусым | 50 | 250,0 |
Жиыны | 250,0 | |||
Барлығы | 7 150 000,0 |