Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 44 "2023 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 589 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 29 желтоқсанда № 10122-10 болып тіркелді

      Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "2023 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 44 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9927 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулынының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 21 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қостанай облысының әкімі К. Аксакалов

      Келісілді

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы

      министрлігі

  Қостанай облысы әкімдігінің
  2023 жылғы 29 желтоқсандағы
  № 589 қаулысына
  қосымша
  Қостанай облысы әкімдігінің
  2023 жылғы 31 каңтардағы
  № 44 қаулысына
  қосымша

2023 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

Субсидияланатын көлем

Субсидиялар сомасы, мың теңге

Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:


1.1

Ірі қара малдың тауарлық аналық басы

бас/шағылыстыру маусымы

51 135

511 350,0

1.2

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы

17 299

259 485,0

2.

Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу

бас/шағылыстыру маусымы

1 177

117 700,0

3.

Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу

сатып алынған бас

1 710

253 967,6

4.

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:


4.1

отандық

сатып алынған бас

865

129 122,0

5.

Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас іріқара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату

тiрiдей салмағы, килограмм

6 287 018

1 257 403,7

6.

Ірі қара малды союмен және етін бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеуші кәсіпорындардың сиыр етін дайындау құнын арзандату

Өндірілген сиыр етінің килограмы

2 999 994

524 999,0

Жиыны

3 054 027,2

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

1.

Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу:


1.1

бір жынысты

сатып алынған доза

7 100

71 000,0

1.2

қос жынысты

7 844

31 956,2

2.

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:


2.1

отандық

сатып алынған бас

214

42 800,0

2.2

Аустралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған

236

94 400,0

3.

Сүт өндіру құнын арзандату:


3.1

бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық

өткізілген немесе өңделген килограмм

22 292 000

1 003 140,0

3.2

бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылық

38 067 329

1 142 019,9

3.3

бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық

7 116 287

142 325,7

3.4

ауыл шаруашылығы кооперативі

35 573 674

711 473,5

Жиыны

3 239 115,3

Етті құс шаруашылығы

1.

Құс етін өндіру құнын арзандату


1.1

500 тоннадан басталатын нақты өндіріс

өткізілген килограмм

9 251 955

462 597,8

Жиыны

462 597,8

Жұмыртқалы құс шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу

сатып алынған бас

803 701

48 222,1

2.

Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату 5 миллион данадан басталатын нақты өндіріс

өткізілген дана

9 281 373

27 844,1

Жиыны

76 066,2

Қой шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:


1.1

қойлардың асыл тұқымды аналық басы

бас/шағылыстыру маусымы

6 069

24 276,0

1.2

қойлардың тауарлық аналық басы

24 813

62 032,5

2.

Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу

сатып алынған бас

733

10 995,0

3.

Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне 300 бас болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген ұсақ малдардың еркек дарақтарының құнын арзандату

өткізілген бас

550

1 650,0

Жиыны

98 953,5

Жылқы шаруашылығы

1.

Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу

сатып алынған бас

10

1 000,0

Жиыны

1 000,0

Шошқа шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды шошқалар сатып алу

сатып алынған бас

55

7 700,0

2.

Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу

бас/шағылыстыру маусымы

5 258

210 290,1

Жиыны

217 990,1

Балара шаруашылығы

1.

Балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

Балара ұясы/маусым

50

250,0

Жиыны

250,0

Барлығы

7 150 000,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады