Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай қаласы әкімдігінің "Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті щарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы" 2016 жылғы 13 маусымдағы № 1377 (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 6535 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы";
2) көрсетілген қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру – сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері белгіленсін";
3) көрсетілген қаулы қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру – сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері".
2. "Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) Осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) Осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай қаласының әкімі | М. Жундубаев |