Қостанай қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 1377 "Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру–сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістерді енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 14 наурыздағы № 434 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 15 наурызда № 9942 болып тіркелді

      Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай қаласы әкімдігінің "Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті щарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы" 2016 жылғы 13 маусымдағы № 1377 (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 6535 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы";

      2) көрсетілген қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру – сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері белгіленсін";

      3) көрсетілген қаулы қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру – сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері".

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) Осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) Осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай қаласының әкімі М. Жундубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады