Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 1377 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 8 шілдеде № 6535 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 14.03.2023 № 434 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 48-бабына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру – сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 14.03.2023 № 434 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелерге жетекшілік етуші орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Б. Жақыпов

  Әкімдіктің
2016 жылғы 13 маусымдағы
№ 1377 қаулысына қосымша

Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру – сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері

      Ескерту. Қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 14.03.2023 № 434 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


р/с

Азаматтар санаты

Жеңілдіктер мөлшері

1

7 жасқа дейінгі балалар

Тегін

2

Көп балалы отбасыларының оқушы- балалары

Тегін

3

Балалар үйлерінен оқушы-балалар

Тегін

4

Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар

Тегін

5

Спорт ардагерлері

Тегін

6

Оқушылар

Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік

7

Студенттер

Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік

8

Зейнеткерлер

Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік

      * Ескертпе: Осы тізбе мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыстарына қолданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады