Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 28 тамыздағы № 511 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 8 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 20 сәуірде № 9972 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы № 61 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 02.11.2023 № 61 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 28 тамыздағы № 511 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9419 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      3 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органдары мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.";

      4 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.";

      5 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін:

      1) Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылған күні – 15 ақпан;

      2) Отан қорғаушы күні - 7 мамыр;

      3) Жеңіс күні - 9 мамыр мереке күндері болып табылады.";

      6 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына, табыстарын есепке алмай, біржолғы көрсетіледі:

      1) Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылған күні – 15 ақпан:

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе ұрыс қимылдары жүргізілген Ауғанстанда әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерге 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағы Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерiнiң шектеулі контингентінің құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерiне 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      2) Отан қорғаушы күні – 7 мамыр:

      бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген тиісті санаттардағы жұмысшылар мен қызметшілерге 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      3) Жеңіс күні - 9 мамыр:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1500000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген адамдарға:

      майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдарға 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерiне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелеріне 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан, не майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға 60000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға 60000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналарына және екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне; екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      келесі санаттағы адамдарға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі:

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына;

      Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлеріне;

      "Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаһарманы" атақтарына ие болған адамдарға;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн (қызметтік мiндеттерді) атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан қаза болған (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердің, партизандардың, астыртын әрекет етушiлердің, осы Заңның 4 – 6-баптарында аталған адамдардың отбасыларына;

      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе шабуылына қарсы қорғаныстың объектiлiк және авариялық командаларының өзiн-өзi қорғау топтарының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасыларына, Ленинград қаласының госпитальдары мен ауруханаларының қаза тапқан жұмыскерлерінiң отбасыларына;

      бұрынғы КСР Одағы Қорғаныс министрлiгiнің, ішкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының әскери мiндеттілер жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлерінiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасыларына;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына;

      сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына;

      1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға."

      7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайға тап болған мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тұрмыстық қажеттіліктерге, табыстарын есепке алмай, ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) Заңның 5, 6, 7, 8-баптарында көрсетілген ардагерлерге және басқа да адамдарға, тұрмыстық қажеттіліктеріне, табыстарын есепке алмай, ай сайын, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балаларға, табыстарын есепке алмай, ай сайын, ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселік мөлшерінде;

      4) туберкулездің белсенді түрімен ауыратын, медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған және амбулаториялық емделуде жүрген адамдарға, табыстарын есепке алмай, ай сайын, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) мүгедектігі бар адамдарға, олардың оңалту орталықтарына жол жүруі мен кері қайтуына байланысты шығындарын өтеу үшін, табыстарын есепке алмай, тоқсан сайын, 3 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;

      6) білім беру гранттарының иелері, мемлекеттік бюджет төлемдерінің өзге де түрлерін алушылар болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, Қазақстан Республикасында білім алуына байланысты, нақты құны бойынша оқу ақысын төлеу үшін оқу жылы ішінде екі бөлікпен аударылатын 400 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде алғашқы техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі не жоғары білім (бұдан әрі - білім) алушы тұлғаларға, жартыжылдықта 1 рет, оның ішінде:

      өтiнiш берудің алдындағы соңғы он екi айда Қостанай облысы бойынша белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейi шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың жастарына;

      табыстарын есепке алмай, жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен оқуын жалғастыратын халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына жататын жастарға;

      табыстарын есепке алмай, мүгедектігі бар адамды абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасында ұсынымы бар барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдарға;

      7) барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдарға емделуге және тегін медициналық тексеруге, табыстарын есепке алмай, нақты шығындар мөлшерінде жартыжылдықта 1 рет, бірақ жылына 50 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;

      8) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасына), табыстарын есепке алмай, біржолғы, 70 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;

      9) өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың адамдарына, тұрмыстық қажеттіліктеріне, біржолғы, 15 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;

      10) өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың адамдарына, қайтыс болған күні халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген, қайтыс болған туыстарын, жұбайларын жерлеуге, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардың адамдарына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      11) мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақыдан басқа табысы жоқ, жалғыз басты тұратын мүгедектігі бар адамдарға, біржолғы, 15 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде көрсетіледі.";

      12 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "12. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкiлеттi ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.";

      13- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға мынадай құжаттармен қоса өтініш береді:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке сәйкестендіру үшін);

      2) осы Қағидалардың 7-тармағының 6) тармақшасының екінші абзацында, 9), 10) тармақшаларында көрсетілген адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;

      3) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және /немесе құжат;

      осы Қағидалардың 7-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген адамдар өтініш берушінің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжатты ұсынады;

      осы Қағидалардың 7-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдардың ата-анасы не заңды өкілі адамның иммун тапшылығы вирусы ауруын растайтын құжатты ұсынады;

      осы Қағидалардың 7-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдар туберкулезбен ауырғанын және амбулаторлық емделуде екенін растайтын құжатты ұсынады;

      осы Қағидалардың 7-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген адамдар оңалту фактісін және жол жүру құнын растайтын құжаттарды ұсынады;

      осы Қағидалардың 7-тармағының 6) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген адамдар білім алғанын, оның құнын және мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасын растайтын құжаттарды ұсынады;

      осы Қағидалардың 7-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген адамдар тағайындауды және (немесе) емделуден немесе медициналық тексеруден өтуді және емделуге және (немесе) медициналық тексеруге ақы төленгенін растайтын құжаттарды ұсынады;

      осы Қағидалардың 7-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген адамдар табиғи зілзала немесе өрт фактісін растайтын құжаттарды ұсынады;

      осы Қағидалардың 7-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген адамдар табысы туралы мәліметтерді ұсынады.";

      14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "14. Ай сайынғы әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап тағайындалады. Біржолғы әлеуметтік көмек күнтізбелік жылда бір рет тағайындалады.";

      15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "15. Құжаттар салыстырып тексеру үшін төлнұсқамен ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылдың 15 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Қостанай қалалық мәслихатының хатшысы О. Байгабулов

О внесении изменений в решение маслихата от 28 августа 2020 года № 511 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение маслихата города Костаная Костанайской области от 14 апреля 2023 года № 8. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 20 апреля 2023 года № 9972. Утратило силу решением маслихата города Костаная Костанайской области от 2 ноября 2023 года № 61

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Костаная Костанайской области от 02.11.2023 № 61 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Костанайский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" от 28 августа 2020 года № 511 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9419) следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденных указанным решением:

      пункт 3 изложить в новой редакции:

      "3. Для целей настоящих Правил под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая местным исполнительным органом в денежной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее - получатели) в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к праздничным дням.";

      пункт 4 изложить в новой редакции:

      "4. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно, ежеквартально, 1 раз в полугодие).";

      пункт 5 изложить в новой редакции:

      "5. Праздничными днями для оказания социальной помощи являются:

      1) День вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан - 15 февраля;

      2) День защитника Отечества- 7 мая;

      3) День Победы - 9 мая.";

      пункт 6 изложить в новой редакции:

      "6. Социальная помощь к праздничным дням оказывается единовременно, без учета доходов, следующим категориям граждан:

      1) День вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан - 15 февраля:

      военнообязанным, призывавшимся на учебные сборы и направлявшимся в Афганистан в период ведения боевых действий, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      военнослужащим автомобильных батальонов, направлявшимся в Афганистан для доставки грузов в эту страну в период ведения боевых действий, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      военнослужащим летного состава, совершавшим вылеты на боевые задания в Афганистан с территории бывшего Союза Советских Социалистических Республик (далее - Союза ССР), в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      рабочим и служащим, обслуживавшим советский воинский контингент в Афганистане, получившим ранения, контузии или увечья, либо награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за участие в обеспечении боевых действий, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      военнослужащим, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, исполнении иных обязанностей воинской службы или вследствие заболевания при прохождении воинской службы в Афганистане, где велись боевые действия, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      семьям военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      рабочим и служащим, направлявшимся на работу в Афганистан в период с 1 декабря 1979 года по декабрь 1989 года и другие страны, в которых велись боевые действия, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      рабочим и служащим Комитета государственной безопасности бывшего Союза ССР, временно находившимся на территории Афганистана и не входившим в состав ограниченного контингента советских войск, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      2) День защитника Отечества – 7 мая:

      военнослужащим Советской Армии, Военно-Морского Флота, Комитета государственной безопасности, лицам начальствующего и рядового состава Министерства внутренних дел бывшего Союза ССР (включая военных специалистов и советников), которые в соответствии с решениями правительственных органов бывшего Союза ССР принимали участие в боевых действиях на территории других государств, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      военнослужащим Республики Казахстан, выполнявшим задачи согласно межгосударственным договорам и соглашениям по усилению охраны границы Содружества Независимых Государств на таджикско-афганском участке в период с сентября 1992 года по февраль 2001 года, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      военнослужащим Республики Казахстан, принимавшим участие в качестве миротворцев в международной миротворческой операции в Ираке в период с августа 2003 года по октябрь 2008 года, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      военнослужащим, а также лицам начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, принимавшим участие в урегулировании межэтнического конфликта в Нагорном Карабахе в период с 1986 по 1991 годы, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      военнослужащим, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, исполнении иных обязанностей воинской службы или вследствие заболевания при прохождении воинской службы в других государствах, где велись боевые действия, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      лицам начальствующего и рядового состава органов государственной безопасности бывшего Союза ССР и органов внутренних дел, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при исполнении служебных обязанностей, либо вследствие заболевания, связанного с выполнением служебных обязанностей в государствах, в которых велись боевые действия, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      рабочим и служащим соответствующих категорий, обслуживавшим действовавшие воинские контингенты в других странах и которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья либо заболевания, полученных в период ведения боевых действий, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      семьям военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в других государствах, в которых велись боевые действия, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      3) День Победы - 9 мая:

      ветеранам Великой Отечественной войны, в размере 1500000 (один миллион пятьсот тысяч) тенге;

      лицам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны:

      военнослужащим, а также лицам начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, проходившим в период Великой Отечественной войны службу в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 года в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии, в размере 100000 (сто тысяч) тенге;

      лицам вольнонаемного состава Советской Армии, Военно-Морского Флота, войск и органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, занимавшим штатные должности в воинских частях, штабах, учреждениях, входивших в состав действующей армии в период Великой Отечественной войны, либо находившимся в соответствующие периоды в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 года в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии, в размере 100000 (сто тысяч) тенге;

      лицам, которые в период Великой Отечественной войны находились в составе частей, штабов и учреждений, входивших в состав действующей армии и флота, в качестве сыновей (воспитанников) полков и юнг, в размере 100000 (сто тысяч) тенге;

      лицам, принимавшим участие в боевых действиях против фашистской Германии и ее союзников в годы Второй мировой войны на территории зарубежных стран в составе партизанских отрядов, подпольных групп и других антифашистских формирований, в размере 100000 (сто тысяч) тенге;

      работникам специальных формирований Народного комиссариата путей сообщения, Народного комиссариата связи, плавающего состава промысловых и транспортных судов и летно-подъемного состава авиации, Народного комиссариата рыбной промышленности бывшего Союза ССР, морского и речного флота, летно-подъемного состава Главсевморпути, которые в период Великой Отечественной войны были переведены на положение военнослужащих и выполнявших задачи в интересах действующей армии и флота в пределах тыловых границ действующих фронтов, оперативных зон флотов, а также членам экипажей судов транспортного флота, интернированных в начале Великой Отечественной войны в портах других государств, в размере 100000 (сто тысяч) тенге;

      военнослужащим, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, в размере 100000 (сто тысяч) тенге;

      лицам начальствующего и рядового состава органов государственной безопасности бывшего Союза ССР и органов внутренних дел, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при исполнении служебных обязанностей, либо вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, в размере 100000 (сто тысяч) тенге;

      несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период Второй мировой войны, в размере 100000 (сто тысяч) тенге;

      гражданам, работавшим в период блокады в городе Ленинграде на предприятиях, в учреждениях и организациях города и награжденные медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Житель блокадного Ленинграда", в размере 60000 (шестьдесят тысяч) тенге;

      лицам из числа бойцов и командного состава истребительных батальонов, взводов и отрядов защиты народа, действовавших в период с 1 января 1944 года по 31 декабря 1951 года на территории Украинской ССР, Белорусской ССР, Литовской ССР, Латвийской ССР, Эстонской ССР, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии или увечья, полученных при исполнении служебных обязанностей в этих батальонах, взводах, отрядах, в размере 60000 (шестьдесят тысяч) тенге;

      родителям и не вступившим в повторный брак вдовам воинов, погибших (умерших, пропавших без вести) в Великой Отечественной войне, супруге (супругу), не вступившей (не вступившему) в повторный брак, в размере 30000 (тридцать тысяч) тенге;

      супруге (супругу) умершего лица с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, или лица, приравненного по льготам к лицам с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, а также супруге (супругу) умершего участника Великой Отечественной войны, партизана, подпольщика, гражданина, награжденного медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признававшихся лицами с инвалидностью в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в повторный брак, в размере 30000 (тридцать тысяч) тенге;

      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, а также лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, в размере 30000 (тридцать тысяч) тенге;

      следующим категориям лиц, в размере 5 месячных расчетных показателей:

      лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1986 – 1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшим непосредственно в ядерных испытаниях;

      лицам, которым инвалидность установлена вследствие катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, ядерных испытаний, и их дети, инвалидность которых генетически связана с радиационным облучением одного из родителей.

      Героям Социалистического Труда, кавалерам ордена Трудовой Славы трех степеней;

      лицам, удостоенным званий "Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаһарманы";

      семьям военнослужащих, партизан, подпольщиков, лиц, указанных в статьях 4 – 6 Закона, погибших (пропавших без вести) или умерших в результате ранения, контузии или увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, исполнении иных обязанностей воинской службы (служебных обязанностей), или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте;

      семьям погибших в Великой Отечественной войне лиц из числа личного состава групп самозащиты объектовых и аварийных команд местной противовоздушной обороны, семьям погибших работников госпиталей и больниц города Ленинграда;

      семьям военнослужащих, лиц начальствующего и рядового состава, призванных на сборы военнообязанных Министерства обороны, органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, погибших (умерших) во время выполнения задач по охране общественного порядка при чрезвычайных обстоятельствах, связанных с антиобщественными проявлениями;

      семьям военнослужащих, погибших (умерших) при прохождении воинской службы в мирное время;

      семьям лиц, погибших при ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения;

      семьям умерших вследствие лучевой болезни или умерших лиц с инвалидностью, а также граждан, смерть которых в установленном порядке связана с воздействием катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения и ядерных испытаний;

      лицам из числа участников ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1988 – 1989 годах, эвакуированных (самостоятельно выехавших) из зон отчуждения и отселения в Республику Казахстан, включая детей, которые на день эвакуации находились во внутриутробном состоянии.";

      пункт 7 изложить в новой редакции:

      "7. Социальная помощь отдельным категориям нуждающихся граждан при наступлении трудной жизненной ситуации оказывается:

      1) ветеранам Великой Отечественной войны, на бытовые нужды, без учета доходов, ежемесячно, в размере 10 месячных расчетных показателей;

      2) ветеранам и другим лицам, указанным в статьях 5, 6, 7, 8 Закона, на бытовые нужды, без учета доходов, ежемесячно, в размере 3 месячных расчетных показателей;

      3) детям, инфицированным вирусом иммунодефицита человека, без учета доходов, ежемесячно, в размере двукратного прожиточного минимума;

      4) лицам, больным активной формой туберкулеза, состоящим на диспансерном учете в медицинской организации и находящимся на амбулаторном лечении, без учета доходов, ежемесячно, в размере 10 месячных расчетных показателей;

      5) лицам с инвалидностью, для возмещения расходов, связанных с их проездом в реабилитационные центры и обратно, без учета доходов, ежеквартально, в размере не более 3 месячных расчетных показателей;

      6) лицам, впервые приобретающим техническое, профессиональное, послесреднее либо высшее образование (далее - образование), для оплаты обучения по фактической стоимости, связанной с получением образования в Республике Казахстан, перечисляемой двумя частями в течение учебного года в размере не более 400 месячных расчетных показателей, за исключением лиц, являющихся обладателями образовательных грантов, получателями иных видов выплат из государственного бюджета, 1 раз в полугодие, из числа:

      молодежи из семей со среднедушевым доходом за последние двенадцать месяцев перед обращением ниже величины прожиточного минимума, установленного по Костанайской области;

      молодежи, относящейся к социально уязвимым слоям населения, продолжающей обучение за счет средств местного бюджета, без учета доходов;

      лицам с инвалидностью всех категорий, имеющих рекомендацию в индивидуальной программе абилитации и реабилитации лица с инвалидностью, без учета доходов;

      7) лицам с инвалидностью всех категорий на лечение и медицинское обследование, без учета доходов, в размере фактических затрат 1 раз в полугодие, но не более 50 месячных расчетных показателей в год;

      8) гражданину (семье), пострадавшему вследствие стихийного бедствия или пожара, без учета доходов, единовременно, в размере не более 70 месячных расчетных показателей;

      9) лицам из семей, имеющих среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума за квартал, предшествующий кварталу обращения, на бытовые нужды, единовременно, в размере не более 15 месячных расчетных показателей;

      10) лицам из семей, имеющих среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума за квартал, предшествующий кварталу обращения, на погребение умерших родственников, супругов, зарегистрированных на день смерти в качестве безработных в центре занятости населения, а также лицам из малообеспеченных семей на погребение несовершеннолетних детей, в размере 15 месячных расчетных показателей;

      11) одиноко проживающим лицам с инвалидностью, не имеющим дохода, кроме государственного пособия по инвалидности, единовременно, в размере не более 15 месячных расчетных показателей.";

      пункт 12 изложить в новой редакции:

      "12. Социальная помощь к праздничным дням оказывается по списку, утверждаемому местным исполнительным органом по представлению уполномоченной организации либо иных организаций без истребования заявлений от получателей.";

      пункт 13 изложить в новой редакции:

      "13. Для получения социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации заявитель от себя или от имени семьи в уполномоченный орган предоставляет заявление с приложением следующих документов:

      1) документ, удостоверяющий личность (для идентификации личности);

      2) сведения о доходах лица (членов семьи), указанных в абзаце втором подпункта 6), подпунктах 9), 10) пункта 7 настоящих Правил;

      3) акт и/или документ, подтверждающий наступление трудной жизненной ситуации.

      лица, указанные в подпунктах 1), 2) пункта 7 настоящих Правил, представляют документ, подтверждающий социальный статус заявителя;

      родитель либо законный представитель лиц, указанных в подпункте 3) пункта 7 настоящих Правил, представляют документ, подтверждающий заболевание вирусом иммунодефицита человека;

      лица, указанные в подпункте 4) пункта 7 настоящих Правил, представляют документ, подтверждающий заболевание туберкулезом и нахождение на амбулаторном лечении;

      лица, указанные в подпункте 5) пункта 7 настоящих Правил предоставляют документы, подтверждающие факт реабилитации и стоимость проезда;

      лица, указанные в абзаце третьем подпункта 6) пункта 7 настоящих Правил предоставляют документы, подтверждающие факт обучения, его стоимость и индивидуальную программу абилитации и реабилитации лица с инвалидностью;

      лица, указанные в подпункте 7) пункта 7 настоящих Правил предоставляют документы, подтверждающие назначение и (или) прохождение лечения или медицинского обследования и оплату лечения и (или) медицинского обследования;

      лица, указанные в подпункте 8) пункта 7 настоящих Правил предоставляют документы, подтверждающие факт стихийного бедствия или пожара;

      лица, указанные в подпункте 11) пункта 7 настоящих Правил предоставляют сведения о доходах.";

      пункт 14 изложить в новой редакции:

      "14. Ежемесячная социальная помощь назначается с месяца подачи заявления. Единовременная социальная помощь назначается один раз в календарный год.";

      пункт 15 изложить в новой редакции:

      "15. Документы представляются в подлинниках для сверки, после чего документы возвращаются заявителю.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяет свое действие на отношения, возникшие с 15 февраля 2023 года.

      Председатель Костанайского городского маслихата О. Байгабулов