"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Арқалық қаласы Ашутасты ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2020 жылғы 8 шілдедегі № 326 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9325 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арқалық қалалық мәслихатының төрағасы | Г. Елтебаева |