Мәслихаттың 2020 жылғы 8 шілдедегі № 326 "Қостанай облысы Арқалық қаласы Ашутасты ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 11 шешімі

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Арқалық қаласы Ашутасты ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2020 жылғы 8 шілдедегі № 326 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9325 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арқалық қалалық мәслихатының төрағасы Г. Елтебаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады