Әулиекөл ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке жоспар бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 1 шілдедегі № 44 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 5 шілдеде № 10040 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Әулиекөл ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке жоспар бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың төреғасы Д. Койшибаев

  Әулиекөл
  аудандық мәслихаты
  2023 жылғы 1 шілдедегі
  № 44 шешіміне
  1 қосымша

Әулиекөл ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

      1. Осы Әулиекөл ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) қағидаларына (әрі қарай-шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

      2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі-оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орынының анықтамасы негізінде "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі- уәкілетті орган) жүзеге асырылады.

      3. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу (толық мемлекеттің қамтамасыз етуіндегі мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) үйде оқытылатын мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкілдеріне отбасының табысына қарамастан беріледі.

      4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық мекемесінің консультациясы қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.

      5. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы, Әулиекөл ауданы шегінен тұрақты мекенжайға шығып кетуі) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      6. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтініш беруші "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам арқылы уәкілетті органға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына (әрі қарай-портал) осы Қағидаларға 3-қосымшасына сәйкес "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса осы Қағидаларға 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нышан бойынша өтінішпен жүгінеді.

      Өтініш беруші мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.

      7. Үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әр мүгедектігі бар балаға ағымдағы оқу жылы бойы ай сайын сегіз айлық есептік көрсеткішке тең.

      8. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуден бас тарту негіздері шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

  Мәслихаттың
  2023 жылғы 1 шілдедегі
  № 44 шешіміне
  2 қосымша

Мәслихаттың күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Әулиекөл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 11 тамыздағы № 54 "Әулиекөл ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24046 тіркелген).

      2. Әулиекөл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 16 наурыздағы № 111 "Мәслихаттың 2021 жылғы 11 тамыздағы № 54 "Әулиекөл ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27155 тіркелген).

      3. Әулиекөл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 сәуірдегі № 123 "Мәслихаттың 2021 жылғы 11 тамыздағы № 54 "Әулиекөл ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27827 тіркелген).

      4. Әулиекөл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 151 "Мәслихаттың 2021 жылғы 11 тамыздағы № 54 "Әулиекөл ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29772 тіркелген).

Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Аулиекольском районе

Решение маслихата Аулиекольского района Костанайской области от 1 июля 2023 года № 44. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Костанайской области 5 июля 2023 года № 10040

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 16 Закона Республики Казахстан "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями", Аулиекольский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Аулиекольском районе согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Признать утратившими силу некоторые решения маслихата согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель районного маслихата Д. Койшибаев

  Приложение 1
  к решению маслихата
  от 1 июля 2023 года
  № 44

Порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану

      1. Настоящий порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Аулиекольском районе разработаны в соответствии с Правилами оказания государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью", утвержденными Приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 25 марта 2021 года № 84 "О некоторых вопросах оказания государственных услуг в социально-трудовой сфере" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 22394) (далее - Правила возмещения затрат).

      2. Возмещение затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану (далее - возмещение затрат на обучение) производится государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ акимата Аулиекольского района" (далее - уполномоченный орган) на основании справки из учебного заведения, подтверждающей факт обучения ребенка с инвалидностью на дому.

      3. Возмещение затрат на обучение (кроме детей с инвалидностью, находящихся на полном государственном обеспечении и детей с инвалидностью, в отношении которых родители лишены родительских прав) предоставляется одному из родителей или иным законным представителям детей с инвалидностью, независимо от дохода семьи.

      4. Возмещение затрат на обучение производится с месяца обращения по месяц окончания срока, указанных в справке из учебного заведения, подтверждающих факт обучения ребенка с инвалидностью на дому.

      5. При наступлении обстоятельств, повлекших прекращение возмещения затрат на обучение (достижение ребенком с инвалидностью восемнадцати лет, окончания срока инвалидности, в период обучения ребенка с инвалидностью в государственных учреждениях, смерть ребенка с инвалидностью, выезд на постоянное проживание за пределы Аулиекольского района), выплата прекращается с месяца, следующего за тем, в котором наступили соответствующие обстоятельства.

      6. Для возмещения затрат на обучение на дому заявитель обращается в уполномоченный орган через некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" или веб-портал "электронного правительства" (далее- портал) с заявлением по форме согласно приложению 1 или 2 к Правилам возмещения затрат с приложением документов, указанных в перечне основных требований к оказанию государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью" согласно приложению 3 к Правилам возмещения затрат.

      При обращений заявителя за назначением выплаты по возмещению затрат на обучение на дому посредством портала запрос в информационные системы государственных органов и (или) организаций для подтверждения представленных сведений, предусмотренных в форме заявления согласно приложению 2 к Правилам возмещения затрат, осуществляется самим заявителем.

      7. Размер возмещения затрат на обучение равен восьми месячным расчетным показателям на каждого ребенка с инвалидностью ежемесячно в течении учебного года.

      8. Основания для отказа в возмещении затрат на обучение предусмотрены строкой девятой приложения 3 к Правилам возмещения затрат.

  Приложение 2
  к решению маслихата
  от 1 июля 2023 года
  № 44

Перечень утративших силу некоторых решений маслихата

      1. Решение Аулиекольского районного маслихата от 11 августа 2021 года № 54 "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Аулиекольском районе" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 24046).

      2. Решение Аулиекольского районного маслихата от 16 марта 2022 года № 111 "О внесении изменений в решение маслихата от 11 августа 2021 года № 54 "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Аулиекольском районе" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 27155).

      3. Решение Аулиекольского районного маслихата от 27 апреля 2022 года № 123 "О внесении изменений в решение маслихата от 11 августа 2021 года № 54 "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Аулиекольском районе" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 27827).

      4. Решение Аулиекольского районного маслихата от 23 сентября 2022 года № 151 "О внесении изменений в решение маслихата от 11 августа 2021 года № 54 "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Аулиекольском районе" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 29772).