Мәслихаттың 2021 жылғы 11 тамыздағы № 54 "Әулиекөл ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 16 наурыздағы № 111 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 наурызда № 27155 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 1 шілдедегі № 44 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 01.07.2023 № 44 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың "Әулиекөл ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2021 жылғы 11 тамыздағы № 54 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24046 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Оқуға арналған шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі шығындарды өтеу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес беріледі, бұл ретте жеке басын сәйкестендіру үшін қандастармен жеке басын куаландыратын құжаттың орнына қандас куәлігі ұсынылады.

      7. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері ай сайын оқу жылына әр мүгедек балаға төрт айлық есептік көрсеткішке тең.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың хатшысы Д. Койшибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады