Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 сәуірдегі "2023 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тынайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы" № 83/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 334/4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 21 желтоқсанда № 7452-14 болып тіркелді

      Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 сәуірдегі "2023 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тынайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы" № 83/2 қаулысына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 179507 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған 2023 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерiнің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограммына, литріне) субсидиялар нормалары, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға 2 314 714 000 (екі миллиард үш жүз он төрт миллион жеті жүз он төрт мың) теңге мөлшерінде бюджеттік қаражат көлемдері бекітілсін.".

      2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі А. Байханов

О внесении изменения в постановление акимата Павлодарской области от 6 апреля 2023 года № 83/2 "Об утверждении перечня субсидируемых видов удобрений и норм субсидий, а также объемов бюджетных средств на субсидирование удобрений (за исключением органических) на 2023 год"

Постановление акимата Павлодарской области от 20 декабря 2023 года № 334/4. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Павлодарской области 21 декабря 2023 года № 7452-14

      Акимат Павлодарской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Павлодарской области от 6 апреля 2023 года № 83/2 "Об утверждении перечня субсидируемых видов удобрений и норм субсидий, а также объемов бюджетных средств на субсидирование удобрений (за исключением органических) на 2023 год" (зарегистрировано в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 179507) следующее изменение:

      пункт 1 указанного постановления изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемый перечень субсидируемых видов удобрений и нормы субсидий на 1 тонну (килограмм, литр) удобрений, приобретенных у продавца удобрений, а также объемы бюджетных средств на субсидирование удобрений (за исключением органических) на 2023 год в размере 2 314 714 000 (два миллиарда триста четырнадцать миллионов семьсот четырнадцать тысяч) тенге.".

      2. Государственному учреждению "Управление сельского хозяйства Павлодарской области" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Павлодарской области.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима области.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Павлодарской области А. Байханов