Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 сәуірдегі "2023 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тынайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы" № 83/2 қаулысына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 179507 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған 2023 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерiнің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограммына, литріне) субсидиялар нормалары, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға 2 314 714 000 (екі миллиард үш жүз он төрт миллион жеті жүз он төрт мың) теңге мөлшерінде бюджеттік қаражат көлемдері бекітілсін.".
2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысының әкімі | А. Байханов |