Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 18 қарашадағы "Павлодар қаласының аумағында қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильді тасымалдауға сараланған тарифті белгілеу туралы" № 1861/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 19 желтоқсандағы № 1803/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 20 желтоқсанда № 7448-14 болып тіркелді

      Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 18 қарашадағы "Павлодар қаласының аумағында қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильді тасымалдауға сараланған тарифті белгілеу туралы" № 1861/3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30640 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Павлодар қаласының аумағында қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильді тасымалдауға сараланған тариф келесі мөлшерде белгіленсін:

      1) электронды төлем жүйесі арқылы, Интернет желісі және байланыс құрылғысы арқылы жол жүру үшін қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 100 (жүз) теңге;

      2) жол ақысын қолма-қол төлеу кезінде – 200 (екі жүз) теңге.".

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік

      он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қаласының әкімі Х. Хабылбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Павлодар қалалық

      мәслихаты

О внесении изменения в постановление акимата города Павлодара от 18 ноября 2022 года № 1861/3 "Об установлении дифференцированного тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском сообщении на территории города Павлодара"

Постановление акимата города Павлодара Павлодарской области от 19 декабря 2023 года № 1803/2. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Павлодарской области 20 декабря 2023 года № 7448-14

      Акимат города Павлодара ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата города Павлодара от 18 ноября 2022 года № 1861/3 "Об установлении дифференцированного тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском сообщении на территории города Павлодара" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 30640) следующее изменение:

      пункт 1 изложить в новой редакции:

      "1. Установить дифференцированный тариф на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском сообщении на территории города Павлодара в следующих размерах:

      1) при безналичной оплате за проезд через систему электронной оплаты, включая посредством сети Интернет и устройств связи – 100 (сто) тенге;

      2) при наличной оплате за проезд – 200 (двести) тенге.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Павлодара Х. Хабылбеков

      "СОГЛАСОВАНО"

      Павлодарский городской

      маслихат