Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 18 қарашадағы "Павлодар қаласының аумағында қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильді тасымалдауға сараланған тарифті белгілеу туралы" № 1861/3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30640 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Павлодар қаласының аумағында қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильді тасымалдауға сараланған тариф келесі мөлшерде белгіленсін:
1) электронды төлем жүйесі арқылы, Интернет желісі және байланыс құрылғысы арқылы жол жүру үшін қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 100 (жүз) теңге;
2) жол ақысын қолма-қол төлеу кезінде – 200 (екі жүз) теңге.".
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қаласының әкімі | Х. Хабылбеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Павлодар қалалық
мәслихаты