Павлодар қаласының аумағында қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильді тасымалдауға сараланған тарифті белгілеу туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 18 қарашадағы № 1861/3 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 қарашада № 30640 болып тіркелді.

      Ескерту. 01.12.2022 бастап қолданысқа енгізіледі - осы қаулының 3-тармағымен.

      Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар қаласының аумағында қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильді тасымалдауға сараланған тариф келесі мөлшерде белгіленсін:

      1) электронды төлем жүйесі арқылы, Интернет желісі және байланыс құрылғысы арқылы жол жүру үшін қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 100 (жүз) теңге;

      2) жол ақысын қолма-қол төлеу кезінде – 200 (екі жүз) теңге.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 19.12.2023 № 1803/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қаласының әкімі А. Байханов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Павлодар қалалық

      мәслихаты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады