Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1, 5 - тармақтарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының пікірін ескере отырып, Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Павлодар ауданы Заря ауылдық округі елді мекендері шекараларының жалпы ауданы 6501,8 гектар болып белгіленсін.
2. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Қ. Сейітқазинаға және аудандық мәслихаттың агроөнеркәсіптік кешен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы Павлодар ауданы әкімдігінің бірлескен қаулысы және Павлодар аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар ауданының әкімі | Н. Дычко |
Павлодар аудандық мәслихатының төрағасы | Ж. Шугаев |