Павлодар ауданы Заря ауылдық округі елді мекендерінің шекараларын белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар ауданының әкімдігінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 253/6 бірлескен қаулысы және Павлодар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 маусымдағы № 4/47 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 19 маусымда № 7346 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1, 5 - тармақтарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының пікірін ескере отырып, Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Павлодар ауданы Заря ауылдық округі елді мекендері шекараларының жалпы ауданы 6501,8 гектар болып белгіленсін.

      2. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Қ. Сейітқазинаға және аудандық мәслихаттың агроөнеркәсіптік кешен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы Павлодар ауданы әкімдігінің бірлескен қаулысы және Павлодар аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар ауданының әкімі Н. Дычко
      Павлодар аудандық мәслихатының төрағасы Ж. Шугаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады