Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 08.11.2023 № 35/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шарбақты аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 266/81 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"7) зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтар;
зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтар;
сотпен немесе Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтар;";
12) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"12) әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтар, атап айтқанда:
онкологиялық аурумен ауыратын адамдар;
адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін тұлғалар;
адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін балалар;
амбулаторлық емдеудегі туберкулез ауруынан зардап шегетін тұлғалар;
"жүйелі қызыл жегі" ауруынан зардап шегетін тұлғалар";
"1 типті қант диабеті" ауруынан зардап шегетін тұлғаларға";";
8-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"2) біржолғы әлеуметтік көмек:
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш негізінде тұрғын үйді жөндеуге нақты шығындар бойынша 500 (бес жүз) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) 7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін;
7-тармақтың 1), 2) тармақшаларында, 3) тармақшасының бесінші абзацында, 5) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтарында, 6) тармақшасының бесінші, алтыншы абзацтарында көрсетілген санат үшін қатты отын сатып алуға (жылыту маусымында) 10 (он) АЕК мөлшерінде уәкілетті органның тізімі негізінде;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш негізінде 7-тармақтың 2) тармақшасында, 3) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санаттар үшін санаторий-курорттық емделуге 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш негізінде санаторий-курорттық емделугезаңды өкілдерінің еріп жүруіне 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде 7-тармақтың 8) тармақшасының екінші абзацтарында көрсетілген санат үшін;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш негізінде санаторий-курорттық емделугезаңды өкілдерінің еріп жүруіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде 7-тармақтың 8) тармақшасының үшінші абзацтарында көрсетілген санат үшін;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш негізінде 100 (жүз) АЕК мөлшерінде 7-тармақтың 11) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш негізінде 15 (он бес) АЕК мөлшерінде 7-тармақтың 11) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санат үшін;
Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Шарбақты аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ұсынған тізімі негізінде 15 (он бес) АЕК мөлшерінде 7-тармақтың 12) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санат үшін;
Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ұсынған тізімі негізінде 15 (он бес) АЕК мөлшерінде 7-тармақтың 12) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін;
Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Шарбақты аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ұсынған тізімі негізінде 15 (он бес) АЕК мөлшерінде 7-тармақтың 12) тармақшасының алтыншы абзацында көрсетілген санат үшін;
Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Шарбақты аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ұсынған тізімі негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде 7-тармақтың 12) тармақшасының жетінші абзацында көрсетілген санат үшін;";
12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"12. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидаларының 12-25-тармақтарына сәйкес айкыңдалды.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық маслихат төрағасы | Г. Смаилханова |