Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 қарашадағы № 35/12 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 9 қарашада № 7412-14 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармақтарына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 523 қаулысына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Шарбақты аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауданндық маслихат төрағасы Г. Смаилханова

  Шарбақты аудандық
мәслихатының 2023 жылғы
8 қарашадағы № 35/12
шешіміне 1-қосымша

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және
Шарбақты ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың Қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 15.01.2025 № 113/39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2–3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 523 (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Үлгілік қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Шарбақты ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;

      4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – "Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      5) әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;

      6) ең төмен күнкөріс деңгейі – "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінің Ұлттық статистика Бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

      7) жан басына шаққандағы орташа кірісі – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

      8) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      9) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

      10) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      11) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Шарбақты ауданының ауылдық округтері әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      12) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      13) цифрлық құжаттар сервисі – "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;

      14) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "ортақ терезесі" дегенді білдіретін ақпараттандыру объектісі;

      15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

      2. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      3. Әлеуметтік көмек бір рет (жыл сайын) және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жылына 1 рет) көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

      1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығару күні;

      2) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;

      3) 26 сәуір – радиациялық апаттар мен апаттардың салдарын жоюға және осы апаттар мен апаттардың құрбандарын еске алуға қатысушылар күні;

      4) 7 мамыр – Отан қорғаушы күні;

      5) 9 мамыр – Жеңіс күні;

      6) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;

      7) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні;

      8) 1 қазан – Қарттар күні;

      9) 25 қазан – Қазақстан Республикасы күні;

      10) 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.

      5. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін областың ЖАО бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау
және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      6. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган келесі санаттардағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетеді:

      1) Мемлекеттік корпорацияның тізбесі негізінде мереке күндері мен атаулы күндерге орай алушылардың өтініштері талап етілмей біржолғы әлеуметтік көмек:

      15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығару күніне орай:

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшiлерге 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне мiндеттiлерге 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай:

      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан көп балалы аналарға (отбасыларға) 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде;

      26 сәуір – радиациялық апаттар мен апаттардың салдарын жоюға және осы апаттар мен апаттардың құрбандарын еске алуға қатысушылар күніне орай:

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларыға 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай:

      2003 жылғы тамыздан бастап 2008 жылғы қазанға дейінгі кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      1992 жылғы қыркүйектен бастап 2001 жылғыақпанға дейінгі кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      9 мамыр – Жеңіс күніне орай:

      Ұлы Отан соғысына қатысушылар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерiге 2 000 000 (екі миллион) теңге мөлшерінде, сондай-ақ азық-түлік жиынтығы 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі бар адамдарға, атап айтқанда Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары аудандарында, майдан маңындағы темiржол учаскелерінде, қорғаныс шептерiнің, әскери-теңiз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшiлерi, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшiлерге 2 000 000 (екі миллион) теңге мөлшерінде, сондай-ақ азық-түлік жиынтығы 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде, сондай-ақ азық-түлік жиынтығы 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 50 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан жеңілдіктер бойынша мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедектігі бар адамдар деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына) 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      1986 жылдан бастап 1991 жылғы дейінгі кезеңде Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай:

      Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне 10 (он мың) АЕК мөлшерінде;

      "Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаhaрманы" атақтарына ие болған адамдарға 10 (он мың) АЕК мөлшерінде;

      сотпен немесе Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтарға 10 (он мың) АЕК мөлшерінде;

      30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай:

      18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 20 (жиырма мың) АЕК мөлшерінде;

      Қазақстан Республикасының колледждерінде ақылы негізде оқитын мүгедектігі бар адамдарға 30 (отыз мың) АЕК мөлшерінде;

      Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқитын мүгедектігі бар адамдарға 60 (алпыс мың) АЕК мөлшерінде;

      1 қазан – Қарттар күніне орай:

      зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтарға 2 (екі) АЕК мөлшерінде;

      зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтарға 3 (үш) АЕК мөлшерінде;

      25 қазан – Қазақстан Республикасы күніне орай:

      18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай:

      Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысқан адамдарға 60 (алпыс мың) АЕК мөлшерінде;

      2) табыс есебінсіз біржолғы әлеуметтік көмек:

      жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжатты (жеке басты сәйкестендіру үшін) қоса бере отырып өтініш негізінде Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне тұрғын үйді жөндеуге 500 (бес жүз) АЕК мөлшерінде, жұмыстарды орындауға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге шарттар;

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға, Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан жеңілдіктер бойынша мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедектігі бар адамдар деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбы), 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға қатты отын сатып алуға (жылыту маусымында) бір рет 10 (он) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде;

      басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға, 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға санаторий-курорттық емделуге бір рет 50 (елу) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде;

      жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжатты (жеке басты сәйкестендіру үшін) қоса бере отырып өтініш және санаторий-курорттық ем алуды растайтын құжаттар (орындалған жұмыс актісі, шот-фактура) негізінде 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға санаторий-курорттық емделуге заңды өкілдерінің еріп жүруіне 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде;

      жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжатты (жеке басты сәйкестендіру үшін) қоса бере отырып өтініш және санаторий-курорттық ем алуды растайтын құжаттар (орындалған жұмыс актісі, шот-фактура) негізінде бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға (жеке көмекші қызметтерін алу үшін мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік бөлігінен үзінді көшірмесі бар) санаторий-курорттық емделуге еріп жүретін адамның жол жүруіне, тұруына және тамақтануына 55 (елу бес) АЕК мөлшерінде;

      3) табыс есебінсіз тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне сауықтыруға 25 (жиырма бес) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде;

      басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға, 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға сауықтыруға 15 (он бес) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде;

      4) табыс есебінсіз ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжатты (жеке басты сәйкестендіру үшін) қоса бере отырып өтініш негізінде бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға (өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты үнемі көмек көрсетуге мұқтаж, өздерінің ата-аналарын (жұбайын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары (жұбайы) жоқ немесе объективті себептер бойынша оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары бар мүгедектерге (қарттық жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуы, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуі немесе басқа елді мекенде тұруы) арнайы комиссияның қорытындысы, учаскелік комиссияның тексеру актісіне сәйкес 3 (үш) АЕК мөлшерінде;

      ауылдық жерлерде тұратын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға гемодиализ процедураларын алу үшін 15 (он бес) АЕК мөлшерінде Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Шарбақты аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ұсынған тізімі негізінде.

      7. Әлеуметтік көмек толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды қоспағанда, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, келесі негіздер бойынша көрсетіледі:

      1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі – бір рет 100 (жүз) АЕК шекті мөлшерде, жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде арнайы комиссияның қорытындысына сәйкес көрсету мерзімі залал туындаған күннен бастап алты айдан кешіктірмей, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама;

      2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі – бір рет 100 (жүз) АЕК шекті мөлшерде, жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде арнайы комиссияның қорытындысына сәйкес көрсету мерзімі залал туындаған күннен бастап алты айдан кешіктірмей, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама;

      3) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), бас бостандығынан айыру орындарынан босатылу фактісін растайтын құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы – бір рет 15 (он бес) АЕК мөлшерінде, Шарбақты ауданының пробация қызметі ұсынған тізімі негізінде пробация қызметінің есебінде болуы – бір рет 15 (он бес) АЕК мөлшерінде;

      4) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы:

      онкологиялық аурумен ауыратын тұлғаларға бір рет 15 (он бес) АЕК мөлшерінде;

      адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін тұлғаларға бір рет 15 (он бес) АЕК мөлшерінде;

      "жүйелі қызыл жегі" ауруынан зардап шегетін тұлғаларға бір рет 15 (он бес) АЕК мөлшерінде;

      "1 типті қант диабеті" ауруынан зардап шегетін тұлғаларға бір рет 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      дәнекер тінінің жүйелі зақымданулары ауруынан зардап шегетін тұлғаларға бір рет 3 (үш) АЕК мөлшерінде;

      қант диабетінен зардап шегетін тұлғаларға ("1 типті қант диабеті" ауруынан зардап шегетін тұлғаларды қоспағанда) бір рет 3 (үш) АЕК мөлшерінде;

      созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозы ауруынан зардап шегетін тұлғаларға бір рет 3 (үш) АЕК мөлшерінде;

      психикалық, мінез-құлық бұзылулары (аурулары) ауруынан зардап шегетін тұлғаларға бір рет 3 (үш) АЕК мөлшерінде;

      балалардың церебралдық параличі ауруынан зардап шегетін тұлғаларға бір рет 3 (үш) АЕК мөлшерінде;

      миокардтың жіті инфаргі (алғашқы 6 ай) ауруынан зардап шегетін тұлғаларға бір рет 3 (үш) АЕК мөлшерінде;

      ревматизм ауруынан зардап шегетін тұлғаларға бір рет 3 (үш) АЕК мөлшерінде;

      туберкулез ауруынан зардап шегетін тұлғаларға бір рет 3 (үш) АЕК мөлшерінде;

      нерв жүйесінің дегенерациялық аурулары ауруынан зардап шегетін тұлғаларға бір рет 3 (үш) АЕК мөлшерінде;

      орталық нерв жүйесінің миелинсіздендіруші аурулары ауруынан зардап шегетін тұлғаларға бір рет 3 (үш) АЕК мөлшерінде;

      орфандық ауруынан зардап шегетін тұлғаларға бір рет 3 (үш) АЕК мөлшерінде;

      тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс екі еселеген мөлшерінде, адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін балаларға;

      амбулаторлық емдеудегі туберкулез ауруынан зардап шегетін тұлғаларға ай сайын 15 (он бес) АЕК мөлшерінде.

      Әлеуметтік маңызы бар ауру болған кезде әлеуметтік көмек алушылардың тізімдері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен әлеуметтік маңызы бар аурулар тізбесінде белгіленген аурулардың халықаралық жіктемесі бойынша кодына сәйкес жеке сәйкестендіру нөмірін, тегін, атын, әкесінің атын, екінші деңгейдегі банктердің немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардардың жеке (карточкалық) банктік шот деректемелерін көрсете отырып, Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Шарбақты аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнынымен ұсынылады.

      Тізімді ұсынудың мерзімі есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін.

      Әлеуметтік көмек алушының "Тіркелген халықтың тізілімі" ақпараттық жүйесінде тіркелген және тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау ұйымында мәліметтер болмаған жағдайда әлеуметтік көмек жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде көрсетіледі.

      8. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын, адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отырып, соның ішінде келесі негіздер бойынша көрсетіледі:

      1) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтерді қоса бере отырып өтініш негізінде учаскелік комиссияның тексеру актісіне сәйкес қатты отын сатып алуға пешпен жылытылатын жеке тұрғын үй қорында тұратын отбасыларға (азаматтарға) бір рет 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтерді қоса бере отырып өтініш негізінде бір айдан астам созылған дертке, жедел араласуды талап ететін ауруы бар, емделуге немесе жедел араласудан кейін оңалтуға арналған шұғыл немесе жоспарлы хирургиялық ота жасатқан азаматтарға бір рет 15 (он бес) АЕК мөлшерінде;

      3) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтерді қоса бере отырып өтініш негізінде 12 аптаға дейін жүктілігі бойынша есепке қою үшін аудандық ауруханаға уақтылы жүгінген жүкті әйелдерге бір рет 15 (он бес) АЕК мөлшерінде, 12 аптаға дейін жүктілігі бойынша есепке қою туралы медициналық анықтама;

      4) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтерді қоса бере отырып өтініш негізінде бала тағамын сатып алуға жасанды тамақтандырылатын 1 жасқа дейінгі емшектегі балалары бар отбасыларға ай сайын 4 (төрт) АЕК мөлшерінде, баланың жасанды тамақтандырылатыны туралы медициналық анықтама.

      9. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету кезінде отбасының ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын, адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" №181 бұйрығы негізінде есептеледі (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылы 29 мамырда № 32609 болып тіркелген).

      Отбасы құрамы Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларының 10-тармағына сәйкес айқындалады.

      Отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы есептеу кезеңіндегi (алдыңғы тоқсандағы) отбасының жиынтық табысын көрсетiлген кезеңдегi айлардың (үш ай) санына және отбасы мүшелерiнiң санына бөлу жолымен есептеледi.

      10. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      11. Дүлей апат немесе өрт салдарынан мүлкіне залал келген болса, әлеуметтік көмек залал келген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі.

      12. Алушылардың жекелеген санаттары үшін мереке күндер мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмектің мөлшерін жергілікті өкілді органдар облыс ЖАО-мен келісу бойынша бірыңғай мөлшерде белгілейді.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      13. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидаларының 11 – 22, 26 – 33-тармақтарына сәйкес айқыңдалды.

4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер

      14. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Шарбақты ауданының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;

      4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      5) әлеуметтік көмек көрсетуге негіз болмай қалғаны туралы мәліметтер анықталған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету тоқтатылады.

      Осы тармақтың 3) тармақшасы осы Үлгілік қағидалардың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмекті төлеуге қолданылмайды.

      Осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек төлеу көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.

      15. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.

5-тарау. Қорытынды ереже

      16. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкiлеттi орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзедi.

  Шарбақты аудандық
мәслихатының 2023 жылғы
8 қарашадағы № 35/12
шешіміне 2-қосымша

Шарбақты аудандық мәслихатының кейбір күші жойылған шешімдерінің тізбесі

      1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 қыркүйектегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 266/81 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген).

      2. Шарбақты аудандық мәслихатының 2022 жылғы 12 мамырдағы "Шарбақты аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 қыркүйектегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 266/81 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 99/27 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28029 болып тіркелген).

      3. Шарбақты аудандық мәслихатының 2022 жылғы 06 желтоқсандағы "Шарбақты аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 қыркүйектегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 266/81 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 131/37 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31078 болып тіркелген).

      4. Шарбақты аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 маусымдағы "Шарбақты аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 қыркүйектегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 266/81 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 22/6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7357-14 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады