"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мына қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
"Солтүстік Қазақстан облысы атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 19 наурыздағы № 75 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4633 тіркелді);
"Солтүстік Қазақстан облысы атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 75 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 14 наурыздағы № 57.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | А. Сапаров |