Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 2 мамырдағы № 61 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 3 мамырда № 7493-15 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мына қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      "Солтүстік Қазақстан облысы атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 19 наурыздағы № 75 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4633 тіркелді);

      "Солтүстік Қазақстан облысы атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 75 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 14 наурыздағы № 57.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі А. Сапаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады