Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2023 жылға арналған тыңайтқыштардың субсидияланатын түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 10 сәуірдегі № 44 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7469-15 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | Ғ. Нурмухамбетов |
2023 жылғы 14 желтоқсандағы | |
№ 254 қаулысына қосымша | |
Солтүстік Қазақстан | |
облысы әкімдігінің | |
2023 жылғы "10" сәуірдегі | |
№ 44 қаулысына 2-қосымша |
2023 жылға арналған тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері
№ | Облыстың атауы | Субсидиялар көлемі, теңге |
1 | Солтүстік Қазақстан облысы | 13 911 500 000 |
Барлығы | 13 911 500 000 |