"2023 жылға арналған тыңайтқыштардың субсидияланатын түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды, сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған cубсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 10 сәуірдегі № 44 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 254 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 14 желтоқсанда № 7649-15 болып тіркелді

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2023 жылға арналған тыңайтқыштардың субсидияланатын түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 10 сәуірдегі № 44 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7469-15 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғ. Нурмухамбетов

  2023 жылғы 14 желтоқсандағы
  № 254 қаулысына қосымша
  Солтүстік Қазақстан
  облысы әкімдігінің
  2023 жылғы "10" сәуірдегі
  № 44 қаулысына 2-қосымша

2023 жылға арналған тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері

Облыстың атауы

Субсидиялар көлемі, теңге

1

Солтүстік Қазақстан облысы

13 911 500 000


Барлығы

13 911 500 000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады