Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы аумағында жануарларды ұстау Қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 шілдедегі № 36/7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3346 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы аумағында жануарларды ұстау Қағидаларының 3-тармағының 2) және 3) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
"2) жануарлар – омыртқалы жануарлар;
3) қараусыз қалған жануарлар – ұстау орнынан тыс жерде және жануардың иесі және (немесе) жауапты адам тарапынан бақылаусыз қалған жануарлар.";
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес жануарлардың иелері (жеке және заңды тұлғалар) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:
жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені;
жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы уақтылы хабарлайды және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолданады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы | В. Бубенко |