"Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 наурыздағы № 44/7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 6/10 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 26 қыркүйекте № 7582-15 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының 2024 жылғы 17 мамырдағы № 16/19 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының 17.05.2024 № 16/19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 наурыздағы № 44/7 "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6112 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімге қосымшаның 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Тимирязев ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде бекітіледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.";

      көрсетілген шешімге қосымшаның 5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың төрағасы А. Асанова

О внесении изменений в решение Тимирязевского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 17 марта 2020 года № 44/7 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Тимирязевском районе Северо-Казахстанской области"

Решение маслихата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области от 22 сентября 2023 года № 6/10. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Северо-Казахстанской области 26 сентября 2023 года № 7582-15. Утратило силу решением Тимирязевского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 17 мая 2024 года № 16/19

      Сноска. Утратило силу решением Тимирязевского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 17.05.2024 № 16/19 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Тимирязевский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Тимирязевского районного маслихата Северо-Казахстанской области "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Тимирязевском районе Северо-Казахстанской области" от 17 марта 2020 года № 44/7 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6112) следующие изменения:

      пункт 1 приложения к указанному решению изложить в следующей редакции:

      "1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Тимирязевском районе, постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Доля предельно допустимых расходов к совокупному доходу малообеспеченной семьи (гражданина) устанавливается в размере 5 (пяти) процентов.

      Расходы малообеспеченной семьи (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.";

      пункт 5 приложения к указанному решению изложить в следующей редакции:

      "5. Выплата компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникации социально-защищаемым гражданам осуществляется в соответствии с Приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 29/НҚ, "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам".".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель районного маслихата А. Асанова