Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 наурыздағы № 44/7 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 20 наурызда № 6112 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының 2024 жылғы 17 мамырдағы № 16/19 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының 17.05.2024 № 16/19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314 қаулысына сәйкес Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Н. Усенков
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
С. Мустафин

  Тимирязев аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 наурызы № 44/7 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

1. Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Тимирязев ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде бекітіледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 22.09.2023 № 6/10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады (бұдан әрі - уәкілетті орган).

      3. Тұрғын үй көмегі Тимирязев ауданында тұрақты тұратын адамдарға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасына сәйкес жеткiзушiлер ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу шоттары мен ай сайынғы жарналардың шоттары бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      4. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      5. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 22.09.2023 № 6/10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      6. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдың басынан ағымдағы тоқсанға тағайындалады.

2. Тұрғын үй көмегін төлеу мөлшері

      7. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегінің мөлшерін есептеу кезінде мынадай нормалар есепке алынады:

      1) өтем шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңы нормасына әр адамға кемiнде он бес шаршы метр және көп дегенде он сегiз шаршы метр пайдалы алаң, бiрақ кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерiнде немесе жатақханадан бөлме қабылданады;

      2) өтем шараларымен қамтамасыз етілетін есептеу құралдары жоқ тұтынушылар үшін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді.

      Егер шығыстарға нормалар мен тарифтер заңнамамен белгіленген тәртіпте айқындалмаса, шығынды өтеу нақты шығыстар бойынша жүргізіледі.

      8. Коммуналдық қызметтерді тұтынудың есептеу құралдары бар тұтынушылар үшін қабылданатын шығыстар, есептеу құралдары жоқ тұтынушылар үшін коммуналдық қызметтер шығыстарының белгіленген нормалардан аспайтын есептеу құралдарының көрсеткіштері негізінде, алдындағы тоқсанға нақты шығындар бойынша айқындалады.

      Телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеуді "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген, Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

      9. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган есептелген соманы өтініш берушілерінің жеке шоттарына аудару жолымен екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады