"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Исатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Исатай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы № 240 "Исатай ауданының мүгедектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3701 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Исатай ауданы әкімінің орынбасары Р.Мукановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Исатай ауданының әкімі | П. Хасанов |