Исатай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы № 240 "Исатай ауданының мүгедектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 92 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 27 маусымда № 5052-06 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Исатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Исатай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы № 240 "Исатай ауданының мүгедектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3701 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Исатай ауданы әкімінің орынбасары Р.Мукановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Исатай ауданының әкімі П. Хасанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады