Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Индер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Индер аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Индер аудандық мәслихат төрағасы |
А. Рамазанов |
Индер аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 қарашадағы № 53-VIII |
|
шешіміне қосымша |
Индер аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1) "Индер ауданының ауылдық округтерінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың қағидасын бекіту туралы" Индер аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 261-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3188 болып тіркелген) шешімі;
2) "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 26 наурыздағы № 261-V "Индер ауданының елді мекендерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Индер аудандық мәслихатының 2016 жылғы 24 тамыздағы № 38-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3623 болып тіркелген) шешімі;
3) "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 26 наурыздағы № 261-V "Индер ауданының елді мекендерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Индер аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 тамыздағы № 127-VIІ шешімі.