Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 30.11.2023 № 53-VІII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Кұқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы қаулысына сәйкес және Индербор кенті әкімінің 2016 жылғы 18 тамыздағы № 95, Есбол ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 19 тамыздағы № 25, Көктоғай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 28, Өрлік ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 19 тамыздағы № 21, Елтай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 19 тамыздағы № 17, Жарсуат ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 21, Бөдене ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 19 тамыздағы № 24 шешімдерінің негізінде, Индер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 26 наурыздағы № 261-V "Индер ауданының елді мекендерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3188 санымен тіркелген, аудандық "Дендер" газетінде 2015 жылғы 14 мамырда жарияланған) шешімімен бекітілген қағидаларға келесі өзгерістер енгізілсін:
қағиданың 1 қосымшасындағы 10 тармақта:
"Индербор кенті әкімінің аппаратына" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Атырау облысы Индербор кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
қағиданың 2 қосымшасындағы 10 тармақта:
"Есбол ауылдық округі әкімінің аппаратына" деген сөздер "Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
қағиданың 3 қосымшасындағы 10 тармақта:
"Көктоғай ауылдық округі әкімінің аппаратына" деген сөздер "Көктоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
қағиданың 4 қосымшасындағы 10 тармақта:
"Өрлік ауылдық округі әкімінің аппаратына" деген сөздер "Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
қағиданың 5 қосымшасындағы 10 тармақта:
"Елтай ауылдық округі әкімінің аппаратына" деген сөздер "Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
қағиданың 6 қосымшасындағы 10 тармақта:
"Жарсуат ауылдық округі әкімінің аппаратына" деген сөздер "Жарсуат ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
қағиданың 7 қосымшасындағы 10 тармақта:
"Бөдене ауылдық округі әкімінің аппаратына" деген сөздер "Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат, жастар ісі, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (О. Ділмұқашева) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезекті ІV сессиясының төрағасы |
М. Ілияс |
Аудандық мәслихат хатшысы | Б. Сапаров |