Құрманғазы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 286 "Атырау облысы Құрманғазы ауданының су объектілеріндегі рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4253 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Қиғаш өзенінің сол жағасы бойымен, Бөкейхан ауылдық округіндегі Бөкейхан ауылының ("Майауыл" елді-мекені) солтүстіктегі соңғы нүктесінен бастап N46033,102/ Е048044,911/ координаттарымен, ағыс бойымен төмен "Дамбы" ұйықтық учаскесінің ойығына дейінгі учаске N46028.818/ Е048049,959/ координаттарымен;".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | Н. Калиев |