Атырау облысы Құрманғазы ауданының су объектілеріндегі рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы

Жаңартылған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 286 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 8 қазанда № 4253 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 10 бабының 2 тармағының 5-8) тармақшасына сәйкес су объектілерін әуесқойлық (спорттық) балық аулау үшін пайдалану мақсатында, Құрманғазы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысы Құрманғазы ауданының су объектілеріндегі рекреациялық балық аулау аймақтары ортақ су пайдалану талаптарын ескере отырып белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ж. Бектемиров

  Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "14" қыркүйектегі № 286 қаулысына қосымша

Атырау облысы Құрманғазы ауданының су объектілеріндегі рекреациялық балық аулау аймақтары

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді – Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 01.07.2023 № 176 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).

      1) Қиғаш ауылдық округіндегі Қиғаш ауылына қарсы, Қиғаш өзенінің сол жағасы бойымен N46040.376/ Е047016/199// координаттарымен, "Кордуан" мекеніне (ескі шіркеу ғимараты) дейінгі учаске N46040.307/ Е047016.304// координаттарымен;

      2) Қиғаш өзенінің оң жағасы бойымен, Көптоғай ауылдық округіндегі Көптоғай ауылының солтүстіктегі соңғы нүктесінен бастап N46036.084// Е048036/935// координаттарымен, ағыс бойымен төмен Балықшы ауылының оңтүстіктегі соңғы нүктесіне дейінгі учаске N46036.240// Е048039.318// координаттарымен;

      3) Шортанбай ауылдық округіндегі Шортанбай ауылының қасында Қиғаш өзенінің сол жағасы бойымен паром өтетін жерден бастап N46036.653// Е048039.134// координаттарымен, "Зимник" өзекшесі арқылы көпірге дейінгі учаске N46035.949// Е048039.556// координаттарымен;

      4) Қиғаш өзенінің сол жағасы бойымен, Шортанбай ауылдық округіндегі Жасталап ауылының қасындағы паром өтетін жерден бастап N46034.043/ Е048040.298/ координаттарымен, Жасталап ауылының оңтүстіктегі соңғы нүктесіне дейінгі учаске N46033,866/ Е048042.041/ координаттарымен;

      5) Қиғаш өзенінің сол жағасы бойымен, Бөкейхан ауылдық округіндегі Бөкейхан ауылының ("Майауыл" елді-мекені) солтүстіктегі соңғы нүктесінен бастап N46033,102/ Е048044,911/ координаттарымен, ағыс бойымен төмен "Дамбы" ұйықтық учаскесінің ойығына дейінгі учаске N46028.818/ Е048049,959/ координаттарымен;

      6) Шароновка өзені бойымен, жол айрығынан бастап N46036,726/ Е048038.746/ координаттарымен, нүктесіне дейінгі учаске N46036.441/ Е048040.552/ координаттарымен;

      7) Шароновка өзені бойымен, Ақкөл ауылдық округі Ақкөл ауылындағы теміржол бекетінің бас тоған имаратынан бастап N46035.800/ Е048059,065/ координаттарымен, Орлы ауылдық округіндегі Шестой елді-мекеніне дейінгі учаске N46034.915/ Е049017.758/ координаттарымен;

      8) Шағырлы өзені бойымен, "Шағырлы" көпірінен бастап N46034.853/ Е048059.903/ координаттарымен, Татар-Телячинский каналымен қосылғанға дейінгі учаске N46030.135/ Е049011.497/ координаттарымен;

      9) Кобяково (Сурхан) өзені бойымен, көпірден бастап N46037.466/ Е049021.203/ координаттарымен, "Дружный" (Конево) көпіріне дейінгі учаске N46036.299/ Е049026.517/ координаттарымен;

      10) Сафон, Амангелді және Бірлік ауылдарының аумақтары шегіндегі балық шаруашылығы су айдындарының учаскелері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады