Бейбіт жиналыстарды өткізудің кейбір мәселелері туралы

Түркістан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 8 тамыздағы № 30 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 14 тамызда № 6335-13 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 8 - бабы, 2 -тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Кентау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Кентау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық - техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      3. Кентау қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      4. Кентау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы № 365 "Кентау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5715 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кентау қалалық мәслихатының төрағасы К. Елеусизов

  Кентау қалалық мәслихатының
2023 жылғы 8 тамыздағы
№ 30 шешіміне 1 қосымша

Кентау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

      Кентау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:

      1. Кентау қаласы әкімдігінің "Кентау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын ғимаратының алдындағы алаң, Кентау қаласы, С.Бәйтереков көшесі 2Б.

      2. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты:

      М.Дулатов және С.Байтереков көшелерінің қиылысынан бастап, С.Бәйтереков көшесінің бойымен "Ыңтымақ" алаңына дейін.

  Кентау қалалық мәслихатының
2023 жылғы 8 тамыздағы
№ 30 шешіміне 2 қосымша

Кентау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Кентау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.

      3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      4. Кентау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

      Кентау қаласы әкімдігінің "Кентау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын ғимаратының алдындағы алаң, Кентау қаласы, С.Бәйтереков көшесі 2Б, шекті толу нормасы 100 адам.

      5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.

      6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.

      8. Алынып тасталды - Түркістан облысы Кентау қалалық мәслихатының 07.08.2024 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      9. Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті уақыты бойынша сағат 09:00-ден ерте бастауға және сағат 20:00-ден кеш аяқтауға болмайды.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - Түркістан облысы Кентау қалалық мәслихатының 07.08.2024 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

  Кентау қалалық мәслихатының
2023 жылғы 8 тамыздағы
№ 30 шешіміне 3 қосымша

Кентау қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтарының № 126№ 126№ 126№ 126шекаралары

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Түркістан облысы Кентау қалалық мәслихатының 07.08.2024 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      Кентау қаласының аумағында іргелес аумақтардың шекарасында 800 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейтін:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінің және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінің, магистральдық құбыржолдардың, ұлттық электр желісінің, магистральдық байланыс желілерінің және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.

О некоторых вопросах проведения мирных собраний

Решение Кентауского городского маслихата Туркестанской области от 8 августа 2023 года № 30. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Туркестанской области 14 августа 2023 года № 6335-13

      В соответствии с подпунктами 1) и 2) пункта 2 статьи 8 Закона Республики Казахстан "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан", Кентауский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить специализированные места для организации и проведения мирных собраний в городе Кентау, согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Определить порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально - техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в городе Кентау, согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Определить границы прилегающих территорий объектов, в которых запрещено пикетирования в городе Кентау, согласно приложению 3 к настоящему решению.

      4. Признать утратившим силу решение Кентауского городского маслихата от 25 июня 2020 года № 365 "О порядке организации и проведения мирных собраний в городе Кентау" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5715).

      5. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Кентауского
      городского маслихата К. Елеусизов

  Приложение 1 к решению
Кентауского городского маслихата
от 8 августа 2023 года № 30

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний в городе Кентау

      1. Специализированные места для организации и проведения мирных собраний в городе Кентау:

      Площадь перед зданием государственного коммунального казенного предприятия "Дворец культуры имени Ш.Калдаякова" отдела культуры и развития языков, физической культуры и спорта города Кентау" акимата города Кентау, город Кентау, улица С.Байтерекова 2Б.

      2. Маршрут следования для проведения мирных собраний:

      от пересечении улиц М.Дулатова и С.Байтерекова, вдоль улицы С.Байтерекова до площади "Ынтымак".

  Приложение 2 к решению
Кентауского городского маслихата
от 8 августа 2023 года № 30

Порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в городе Кентау, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний

      1. Настоящий порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы его предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в городе Кентау разработан в соответствии с Законом Республики Казахстан "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан" (далее – Закон).

      2. Специализированные места используются с соблюдением санитарных норм и правил пожарной безопасности. Допускается проведение мирных собраний в случае отсутствия информации о проведении в специализированных местах других запланированных официальных, культурных, зрелищных культурно-массовых, физкультурно-оздоровительных, спортивных и иных мероприятий, осуществлении строительно-монтажных работ.

      3. Материально-техническое и организационное обеспечение проведения мирных собраний осуществляется их организатором и участниками за счет собственных средств, а также за счет средств и имущества, собранных и (или) переданных для проведения данных мирных собраний, если Законом и иными законами Республики Казахстан не установлено иное.

      4. Нормы предельной заполняемости специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в городе Кентау:

      Площадь перед зданием государственного коммунального казенного предприятия "Дворец культуры имени Ш.Калдаякова" отдела культуры и развития языков, физической культуры и спорта города Кентау" акимата города Кентау, город Кентау, улица С.Байтерекова 2Б, норма предельной заполняемости 100 человек;

      5. Не допускается установление юрт, палаток, иных сооружений в специализированном месте для организации и проведения мирных собраний без согласования местного исполнительного органа.

      6. В случае если на проведение мирного собрания в одном и том же месте и (или) по одному и тому же маршруту следования либо в одно и то же время одновременно претендует несколько организаторов мирных собраний, очередность использования указанного места определяется местным исполнительным органом исходя из времени получения им соответствующего уведомления или заявления от организатора мирных собраний.

      7. Минимальное допустимое расстояние между лицами, принимающими участие в мирном собрании, кроме пикетирования, составляет не менее двух метров, в целях сохранения социальной дистанции.

      8. Исключен решением Кентауского городского маслихата Туркестанской области от 07.08.2024 № 126 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. Мирные собрания не могут начинаться ранее 9 часов и заканчиваться позднее 20 часов по местному времени административно-территориальной единицы в день проведения мирных собраний.

      Сноска. Пункт 9 с изменением, внесенным решением Кентауского городского маслихата Туркестанской области от 07.08.2024 № 126 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

  Приложение 3 к решению
Кентауского городского маслихата
от 8 августа 2023 года № 30

Границы прилегающих территорий объектов, в которых запрещено проведение пикетирования в городе Кентау

      Сноска. Приложение 3 с изменением, внесенным решением Кентауского городского маслихата Туркестанской области от 07.08.2024 № 126 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      На территории города Кентау не допускается проведение пикетирования ближе 800 метров от границы прилегающих территорий:

      1) в местах массовых захоронений;

      2) на объектах железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта и прилегающих к ним территориях;

      3) на территориях, прилегающих к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) на территориях, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) на магистральных железнодорожных сетях, магистральных трубопроводах, национальной электрической сети, магистральных линиях связи и прилегающих к ним территориях.