Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Отырар аудандық мәслихатының 03.11.2023 № 7/47-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес, Отырар ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – болу құнының 1 (бір) пайызы бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Отырар ауданының мәслихатының төрағасы | У. Ұзақов |