Отырар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 3 қарашадағы № 7/47-VIII шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 6 қарашада № 6393-13 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Отырар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Отырар аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Отырар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 19/116-V "Отырар ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Отырар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 қазандағы № 31/179-V шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2902);

      2) "Отырар ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" Отырар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 мамырдағы № 2/13-VIII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6274-13 болып тіркелген).

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Отырар аудандық мәслихатының төрағасы У. Ұзақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады