Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Отырар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Отырар аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Отырар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 19/116-V "Отырар ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Отырар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 қазандағы № 31/179-V шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2902);
2) "Отырар ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" Отырар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 мамырдағы № 2/13-VIII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6274-13 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Отырар аудандық мәслихатының төрағасы | У. Ұзақов |