"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Шардара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Шардара аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат төрағасы | Б. Муталиев |
Шардара аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 13-62-VIII шешіміне қосымша |
Шардара аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Шардара аудандық мәслихатының "Шардара ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2020 жылғы 18 қыркүйектегі № 65-392-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5820 болып тіркелген);
2. Шардара аудандық мәслихатының 2020 жылғы 18 қыркүйектегі № 65-392-VI "Шардара ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 9 ақпандағы № 15-90-VII шешiмi (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26897 болып тіркелген);
3. Шардара аудандық мәслихатының 2020 жылғы 18 қыркүйектегі № 65-392-VI "Шардара ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 12 мамырдағы № 3-18-VIII шешiмi (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6295-13 болып тіркелген).