Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 3) тармақшасына және Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі мен Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірлескен ұсынысына сәйкес, Жетісай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жетісай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жетісай ауданының Асықата кентінің шекарасына Жетісай ауданы Ынтымақ ауылдық округінен ауылшаруашылығы және басқа мақсатындағы 336,13 гектар жерді қосу арқылы, Жетісай ауданы Асықата кентінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 700,07 гектар шекарасында белгіленсін.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жетісай ауданының әкімі | С. Мамытов |
Аудандық мәслихаттың төрағасы | М. Касимов |