Жетісай ауданы Асықата кентінің шекарасын өзгерту және белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Жетісай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 5 мамырдағы № 2-15-VIII бірлескен шешiмi және Түркістан облысы Жетісай ауданы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 5 мамырдағы № 395 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 10 мамырда № 6263-13 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 3) тармақшасына және Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі мен Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірлескен ұсынысына сәйкес, Жетісай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жетісай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жетісай ауданының Асықата кентінің шекарасына Жетісай ауданы Ынтымақ ауылдық округінен ауылшаруашылығы және басқа мақсатындағы 336,13 гектар жерді қосу арқылы, Жетісай ауданы Асықата кентінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 700,07 гектар шекарасында белгіленсін.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жетісай ауданының әкімі С. Мамытов
      Аудандық мәслихаттың төрағасы М. Касимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады