Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шығыс Қазақстан облысының су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 18 сәуірдегі № 91 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 27731 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Шығыс Қазақстан облысының су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтарында:
"Бұқтырма су қоймасы" бөлімінде:
1, 3 - жолдар алынып тасталсын;
"Шүлбі су қоймасы" бөлімінде:
1, 2, 4 - жолдар алынып тасталсын.
2. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі | Е. Кошербаев |