"Шығыс Қазақстан облысының су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 18 сәуірдегі № 91 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 8 қарашадағы № 237 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 16 қарашада № 8914-16 болып тіркелді

      Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шығыс Қазақстан облысының су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 18 сәуірдегі № 91 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 27731 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға қосымшада:

      Шығыс Қазақстан облысының су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтарында:

      "Бұқтырма су қоймасы" бөлімінде:

      1, 3 - жолдар алынып тасталсын;

      "Шүлбі су қоймасы" бөлімінде:

      1, 2, 4 - жолдар алынып тасталсын.

      2. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Е. Кошербаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады