"Жарнама туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Риддер қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындар тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Д. Батырбаев |
2023 жылғы 16 қазандағы № 202 қаулысына қосымша |
Риддер қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындар тізбесі
№ р/с | Қалада мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың орналасқан жері |
1 | "Қазақстан" сауда кешенінің алдындағы қоғамдық көлік аялдамасының аумағындағы стенд, Төртінші ықшамаудан, № 11 үй |
2 | "Аслан" дүкенінің жанындағы қоғамдық көлік аялдамасының аумағындағы стенд, Тәуелсіздік даңғылы, 9/1 |
3 | Тәуелсіздік даңғылы бойындағы № 10 үйдің жанындағы қоғамдық көлік аялдамасының аумағындағы стенд |
4 | "Арбат" сауда үйінің алдындағы қоғамдық көлік аялдамасының аумағындағы стенд, Үшінші ықшамаудан, 7/1 |
5 | "Огонек" базары ауданындағы қоғамдық көлік аялдамасының аумағындағы стенд, Гоголь көшесі, 39 |
6 | Абай даңғылы бойындағы № 72 үйдің жанындағы қоғамдық көлік аялдамасының аумағындағы стенд |
7 | "Риддер қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мәдениет сарайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының аумағындағы стенд, Тәуелсіздік даңғылы, 14 |