Риддер қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындар тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 202 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 20 қазанда № 8901-16 болып тіркелді

      "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Риддер қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындар тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Д. Батырбаев

  2023 жылғы 16 қазандағы
№ 202 қаулысына
қосымша

Риддер қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындар тізбесі

№ р/с  

Қалада мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың орналасқан жері

1

"Қазақстан" сауда кешенінің алдындағы қоғамдық көлік аялдамасының аумағындағы стенд, Төртінші ықшамаудан, № 11 үй

2

"Аслан" дүкенінің жанындағы қоғамдық көлік аялдамасының аумағындағы стенд, Тәуелсіздік даңғылы, 9/1

3

Тәуелсіздік даңғылы бойындағы № 10 үйдің жанындағы қоғамдық көлік аялдамасының аумағындағы стенд

4

"Арбат" сауда үйінің алдындағы қоғамдық көлік аялдамасының аумағындағы стенд, Үшінші ықшамаудан, 7/1

5

"Огонек" базары ауданындағы қоғамдық көлік аялдамасының аумағындағы стенд, Гоголь көшесі, 39

6

Абай даңғылы бойындағы № 72 үйдің жанындағы қоғамдық көлік аялдамасының аумағындағы стенд

7

"Риддер қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мәдениет сарайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының аумағындағы стенд, Тәуелсіздік даңғылы, 14


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады