"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Риддер қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Риддер қаласы әкімдігінің "Сайлаулар өткізу кезеңіне сайлаушылармен кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізінде үй-жайлар беру туралы" 2017 жылғы 5 шілдедегі № 612 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5146 болып тіркелген);
2) Риддер қаласы әкімдігінің "Риддер қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 5 шілдедегі № 612 "Сайлаулар өткізу кезеңіне сайлаушылармен кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізінде үй-жайлар беру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 514 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7524 болып тіркелген).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Д. Батырбаев |