Риддер қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларындың күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 14 қарашадағы № 309 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 16 қарашада № 8915-16 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Риддер қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) Риддер қаласы әкімдігінің "Сайлаулар өткізу кезеңіне сайлаушылармен кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізінде үй-жайлар беру туралы" 2017 жылғы 5 шілдедегі № 612 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5146 болып тіркелген);

      2) Риддер қаласы әкімдігінің "Риддер қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 5 шілдедегі № 612 "Сайлаулар өткізу кезеңіне сайлаушылармен кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізінде үй-жайлар беру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 514 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7524 болып тіркелген).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Д. Батырбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады