Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Ұлан аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлан ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 184 "Ұлан ауданы бойынша сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайларды беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5069 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Шығыс Қазақстан облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Ұлан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулының Ұлан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Ж. Ескендірова |