Ұлан ауданы бойынша кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайларды беру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 184 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 маусымда № 5069 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 463 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 27.11.2023 № 463 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар берілсін.

      2. Ұлан ауданының ауылдық округтері мен кенттер әкімдері осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р. Мамырбаеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлан ауданының әкімі Д. Батырбаев
      Келісілді
Ұлан аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
2017 ж. "15" мамыр
Г. Лутфуллина

  2017 жылғы "15" мамыр
№ 184 Ұлан ауданы әкімдігінің
қаулысына қосымша

Ұлан ауданы бойынша кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін берілетін үй-жайлар

    № р/с

Ауылдық округтер мен кенттердің атауы

Кандидаттармен кездесу өткізу орны

1.

Аблакет ауылдық округі

"Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дарын" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

2.

Айыртау ауылдық округі

"Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дарын" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

3.

Азовое ауылдық округі

"Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дарын" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

4.

Алмасай ауылдық округі

"Ұлан ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Абай атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

5.

Асубұлақ кенті

"Ұлан ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Асубұлақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

6.

Багратион ауылдық округі

"Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дарын" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

7.

Бозанбай ауылдық округі

"Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дарын" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

8.

Егінсу ауылдық округі

"Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дарын" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

9.

Каменка ауылдық округі

"Ұлан ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Каменка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

10.

Қасым Қайсенов кент

"Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дарын" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

11.

Огневка кенті

"Ұлан ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сейфуллин атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

12.

Саратовка ауылдық округі

"Ұлан ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Базылхан Ахметов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

13.

Тарғын ауылдық округі

"Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дарын" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

14.

Таврия ауылдық округі

"Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дарын" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

15.

Төлеген Тоқтаров ауылдық округі

"Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дарын" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

16.

Өскемен ауылдық округі

"Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дарын" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады